Мерекелік жиынға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, партия қызметкерлері, сондай-ақ заң саласының мамандары, әлеуметтік қызметкерлер, жас спортшылар мен терроризмге қарсы бағытта еңбек етіп жүрген құзырлы орган өкілдері қатысты.
Салтанатты шара барысында сөз сөйлеген Мұрат Жолдыхожаев жиналғандарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, бұл мерекенің ел тарихындағы айрықша маңызына тоқталды.
– Тәуелсіздік – ата-бабамыздың аңсаған арманы, халқымыздың ең басты құндылығы. Бүгінгі жетістіктеріміз бен тұрақты дамуымыз – өз ісіне адал, елге қызмет етуді өмірлік ұстанымына айналдырған азаматтардың еңбегінің нәтижесі. Сіздердің қоғам игілігі жолындағы қызметтеріңіз жас ұрпаққа үлгі, – деді партия филиалының төрағасы.
Марапатталған азаматтар көрсетілген құрмет пен сенім үшін алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта да ел игілігі жолында аянбай еңбек етуге дайын екенін жеткізді.
Айта кету керек, мұндай тағылымды кездесулер мен марапаттау шаралары еңбекқор жандарды қолдауға, қоғамдағы белсенді азаматтардың беделін арттыруға және Тәуелсіз елдің құндылықтарын дәріптеуге бағытталған.
Елнар ЕЛТАЙ