Қазгидромет бейсенбі, 11 желтоқсандағы жалпы ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде ауа райы қолайсыз болады.
Түнде Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында қатты аяз болады: -25°С. Күндіз Жамбыл облысының солтүстік-шығысында соққан желдің екпіні 30 м/с және одан да асады.
Солтүстік-батыс циклон ойпатымен және онымен байланысты жылжыған атмосфералық фронтальды бөліктер әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады, жел екпін алады, тұман түсіп, батыста, оңтүстікте, шығыста боран соғады, оңтүстікте, батыста көктайғақ болып, оңтүстік-батыста қалың қар түседі деп болжанады.
Метеорологтардың мәліметінше, Қазақстанның солтүстігінде және орталығында солтүстік антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.