Әлем біріншілігі Дубайда өтіп жатыр
«Екі нокдаун»: Абылайхан Жүсіповтің әлем біріншілігіндегі жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды
1,664
оқылды

Абылайхан Жүсіпов (71 кг) Қазақстан үшін 2025 жылғы әлем чемпионатының төртінші күнін жеңіспен қорытындылады , – деп хабарлайды Aikyn.kz 

1/16 финалда оның қарсыласы Армения өкілі Арарат Артутюнян болды. Жүсіпов жекпе-жек барысында екі нокдаун жасап, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

28 жастағы Абылайхан бұған дейін әлем чемпионатында 2017, 2019 және 2021 жылдары қола жүлде иеленген. Ол өткен жылдың қыркүйек айында үш жылға жуық үзілістен кейін әуесқой боксқа қайта оралып, Азия чемпионатының финалына дейін жетті. Кәсіпқой бокста оның көрсеткіші — 4 жеңіс, 3 нокаут.