Қасым-Жомарт Тоқаев президент Александр Стуббқа Финляндияның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Президент хатта Суоми ұдайы экономикалық өрлеу, әлеуметтік әділдік және экологиялық орнықтылықты тиімді ұштастырып келе жатқан ел екенін атап өткен.
Сондай-ақ Финляндия президентінің таяуда Астанаға жасаған сапары екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін беріп, елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда нақты нәтижелерге жетуге мүмкіндік бергеніне тоқталған.
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Стуббтың жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал достас фин халқына бақ-береке тіледі.