Қазақстан бойынша дауылды ескертулер жарияланды.
Төтенше жағдайлар министрлігі: Абай болып, ауа райы болжамын қадағалаңыз!
Фото: iStock
149
оқылды

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша бүгін Қазақстанда  ауа райының келесі қауіпті метеорологиялық құбылыстары күтіледі:

ТҰМАН Қазақстанның басым бөлігін басады;

ЖАУЫН-ШАШЫН мен БОРАН елдің шығысында, солтүстігінде және орталық өңірлерінде күтіледі;

КӨКТАЙҒАҚ жоғарыда аталған аймақтардан бөлек, Кызылорда облысында да болжануда;

15–20 м/с дейін жететін күшті ЖЕЛді оңтүстік, солтүстік және орталық облыстардың тұрғындары сезінетін болады.

Төтенше жағдайлар министрлігі: Абай болып, ауа райы болжамын қадағалаңыз және төтенше жағдай кезінде 112 қоңырау шалыңыз!, - деп ескерту жариялады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.