Ол бала тәрбиесі анаға байланысты екенін жеткізді.
«Саналы болайықшы...»: танымал блогер әйелдерге ренішін білдірді
461
оқылды

Танымал блогер Мөлдір Анарбаева келіндерге қатысты ойын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол бала тәрбиесі анаға байланысты екенін жеткізді. Сонымен қатар жүрген жерінде шу шығаруға дайын тұратын әйелдерді сынады.

«Қазіргі қоғамда миға қонбайтын ақымақ түсінік қалыптасқан. “Біздің келін заңды біледі, мектепті тік тұрғызады, бетке айтады, бәрін орнына қояды” деп мақтанып отыратын үлкен кісілерді талай көрдім.  Обал-ақ! Жұлқынған келінге де, санасы соған жеткен ата-енеге де обал!  Әй сенің балаңды оқытып отырған мектепті тік тұрғызғанда, мемлекеттік қызметкерлерді болмашыға бола барып бетінен алғанда “Пәлеқор әйел” деген атақтан басқа қандай жетістікке жетесің?! Ұят, адамдық, ар, түсінік, сабыр, кішілік, иман,тектілік, тәрбие қайда қалды?! Барған жеріңнің шаңын шығардың, ал, содан?! “Бәдік” деген ат арқаладың, болды! Саған өзің сияқты санадағы адам ғана риза болады. Оданда “Пәленшенің келіні немесе анасы неткен жүзі жарқын еді?! Кішілік танытып тұрады, үлкеннің алдына келмейді” деген сөз көрде жатсаң да мәңгі арқау емес пе?! Үйін сыйлап, сыртты жайпаған адам екіжүзді.  Адам ашуланатын әрекет болады, әрине! Бірақ болмайтын мәселеге білмейтін заңыңды тықпалап, қорқытып, қырып жою, өте ұят! Баланың барлық әркеті шешеден! Саналы болайықшы шешелер! Тәк! дегенді білейік. Әжептеуір еркекті ез қылып жіберген көкірек көзі ашылмаған әйелдер де бар… Адамда екі көз бар: біреуі баста, біреуі жүректе. Жүректің көзін ашайықшы!» - деп жазды ол.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Анарбаева Мөлдір Нұрланқызы (@moldir_anarbaeva)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.