Қазгидромет 5 желтоқсанда еліміздің бірнеше облысында ауа райы бұзылатынын ескертті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын және екпінді жел болады.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысының шығысында жолдарда көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Жезқазғанда кей уақыттарда тұман болады.
Қарағанды облысында жолдарда көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с. Қарағандыда жолдарда көктайғақ болады. Кей уақыттарда тұман түседі.
Атырау облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі.
Астанада көктайғақ болады.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетауда батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында қар, облыстың солтүсігінде, шығысында қар жауады. Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүсігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Өскеменде қар жауады, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-18 м/с.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың оңүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысыда, солтүсігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Семейде түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, екпіні 15-18 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың оңтүстік-батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавлда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с.
Жамбыл облысында кей уақыттарда тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман түседі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады. Қызылордада кей уақытта тұман түседі.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады.
Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Павлодарда түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Оралда тұман түседі.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында тұман түседі. Шымкентте, Түркістанда кей уақыттарда тұман түседі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.