Қазақстандық Бейбарыс Қабылан таэквондодан Найробиде (Кения) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жерлесіміз 87 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғады.
ҚР ҰОК мәліметінше, Бейбарыс финалда Оңтүстік Корея спортшысы Ян Чжунёнды сенімді түрде жеңді.
Осылайша, Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.