Күні бойы монитор алдында отырған адамның арқасы мен иығы құрысады, қисаяды. Оны қалай түзетуге болады? Төменде оқыңыз.
Басшы мен монитордың алдында еңсеңізді биік ұстасаңыз, деніңіз сау болады
Идеал жағдайда экранның жоғарғы үштен бірі көз деңгейімен бірдей орналасуы керек. Фото fitness-pro.ru сайтынан алынды
781
оқылды

BGR сайтына сілтеме жасаған Aikyn.kz компьютер экранының қандай деңгейде орналасқаны дұрыс екенін түсіндіреді.

Жұмыс орнында ең кең таралған қателіктердің бірі монитордың тым төмен орналасуы екен. Үстелдегі ноутбукты немесе тұғырдағы мониторды қолдансаңыз да, экран көз деңгейінен төмен тұрады, мойын үнемі еңкейіп тұрады. Бастапқыда мұндай еңкею зиянсыз көрінуі мүмкін. Бірақ уақыт өте келе ол мойын, иық және арқаның жоғары бөлігінің бұлшық еттеріне артық күш түсіреді. Компьютер алдында ұзақ отыруға байланысты жиілеп бара жатқан дене бітімінің бұзылуын «техникалық мойын» деп атайды.

Оны болдырмаудың шешімі өте қарапайым. Мониторды табиғи көз деңгейіңізге дейін көтеріңіз. Идеал жағдайда экранның жоғары үштен бірі көз деңгейімен бірдей немесе сәл төмен орналасуы керек. Сонда сіз төмен қарамай, тура алдыңызға қарайсыз.

Бұл үшін мониторға арналған реттелетін тұғырдың, үстел тұғырының немесе қажет болса, кітаптарды бірінің үстіне бірін қойып жасауға болады. Экран жеткілікті биіктікке көтерілген кезде омыртқа бейтарап қалыпқа келеді. Иық тіктеліп, босайды, бас табиғи қалыпта тұрады. Монитор биіктігінің дұрыс болуымен бірге кресло эргономикасы да маңызды. Аяғыңыз толық жерге тиіп, шынтағыңыз 90 градусқа бүгіліп, арқаңыз креслоға толық сүйенуі керек. Сонда сіздің жұмыс орныңыз дене бітіміңізге қолайлы болады. Төмендегі әзіл видеодағы әкімдер сияқты:Мамандардың айтуынша, монитордың биіктігі жұмыс өнімділігін арттырады. Алайда дене бітімін дұрыс сақтау ұдайы бақылауды талап етеді. Жақсы ұйымдастырылған жұмыс ортасында да ұзақ уақыт бір қалыпта отыру бұлшық еттердің құрысуына және омыртқаның қисаюына әкеледі. Сондықтан денені тік және жайлы қалыпта ұстайтын шағын, бірақ тұрақты әдеттерді қалыптастыруға дағдыланыңыз.

Дене бітімін бақылаудың бір тәсілі – әр 30-60 минут сайын орныңыздан тұрып, жеңіл созылу жаттығуларын жасаңыз. Жаттығу уақытын ескертіп отыратын телефоныңызға қоңырау қойыңыз.

Осының өзі дене бітімін қалпына келтіріп, қан айналымын жақсартады және шаршаудан пайда болатын алға еңкеюді азайтады. Күрделі жаттығулар қажет емес. Мойынды баяу айналдыру, кеуде бұлшық еттерін созу немесе жай ғана бір минуттық серуеннің өзі жеткілікті. 

Үстелде отырған кезде иықтардың қалпына назар аудару керек. Иықты жайлап төмендетіп, артқа тарту кеудені ашып, еңкеюді болдырмайды.  Пернетақта мен тінтуірдің тым алыс тұрмауы да иыққа түсетін күшті азайтады.

Ең бастысы, өз денеңізді тыңдаңыз. Егер бір нәрсе қатты тартыла бастаса, қысылса немесе жайсыз сезілсе,  бұл – дене қалпын өзгерту қажеттігін білдіретін белгі. Уақыт өте келе осындай шағын өзгерістер жайлылықты арттырып, өнімділікті көбейтеді және ең бастысы – омыртқа денсаулығын жақсартады. Еңсеңіз биік болса, деніңіз де сау болады!

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.