Мемлекет басшысы көрнекті ғалым, белгілі қоғам қайраткері Жабайхан Әбділдиннің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Президент Мемлекеттік сыйлықтың, «Парасат» және ІІ, ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері Жабайхан Әбділдиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.
– Жабайхан Мүбәрәкұлы философия ілімінің өрісін кеңейткен күллі ғылым қоғамдастығына танымал ғалым, ұлтжанды тұлға еді. Ұстаздық жолында сүбелі еңбектер жазып, зерделі шәкірттер тәрбиеледі. Ел егемендігін нығайтуға елеулі үлес қосып, іргелі істерге белсене атсалысты, – деп жазылған жеделхатта.
Жабайхан Әбділдин 1933 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.
Жабайхан Әбділдиннің ғылыми еңбектері негізінен диалектикалық логиканың өзекті мәселелерін зерттеуге арналған. Ғалымның ғылыми басшылығымен 10 ғылым докторы, 40-қа тарта ғылым кандидаты дайындалды.
Жабайхан Әбділдин «Барыс» ІІ дәрежесімен, ТМД Парламентаралық Ассамблеясының «Достық» медальдарымен, 2022 жылы «Барыс» III дәрежесімен марапатталған.