Фестивальдің мақсаты – Қазақстанның Халық әртісі, көрнекті композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылық мұрасын насихаттау, оның әндерінің ұлттық музыкалық мәдениеттегі орнының ерекше екенін көрсету.
Астанада Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» халықаралық ән фестивалі өтеді
586
оқылды

5 желтоқсанда Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымында «Менің Қазақстаным» атты Шәмші Қалдаяқов әндерінің халықаралық фестивалі өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz қала әкімдігінің ақпаратына сәйкес.

Концерттік бағдарламада Шәмші Қалдаяқовтың танымал туындылары заманауи өңдеуде және кәсіби орындаушылардың шеберлігі арқылы жаңаша ұсынылады. Сондай-ақ  фестивальға арнайы шақырылған шетелдік өнерпаздар – İlkim Eylül İlk (Түркия), Сарвиноз Камалова (Өзбекстан), Альфия Каримова (Башқұртстан), Michelle Joseph (Моңғолия) және Вреж Киракосян (Армения) қатысады.

Іс-шарада «Қазақконцерт» ұйымының жетекші солистері мен шығармашылық ұжымдары да бірлескен қойылымдар ұсынады. Сонымен қатар республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары,  Astana Musical  мемлекеттік театрының әртістері және Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің Камералық ансамблі өнер көрсетеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.