Конференцияға «Ұлттық ұланның қызметтік-жауынгерлік қызметінің өзекті мәселелері» тақырыбы арқау болды.
Ұлттық қорғаныс университетінде ғылыми-практикалық конференция өтті
Фото: gov.kz
685
оқылды

Жиынға Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы, университет басшылығы, факультеттің педагогикалық-профессорлық құрамы мен магистранттары қатысты,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қатысушыларға Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы, философия докторы, профессор, генерал-майор Асқар Мұстабеков, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Бауыржан Әбжанов конференцияның мақсаты мен көтеріп отырған мәселелерінің маңыздылығын жеткізді.

Күн тәртібінде құқықтық тәртіп әскерінің заманауи қауіп-қатер жағдайындағы рөлі, мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі өзара іс-қимыл мәселелері, құқықтық режимдер кезеңіндегі қызмет ерекшеліктері мен перспективалары секілді сұрақтар қарастырылды.

- Бүгінгі басқосуда әскердің даму перспективалары, қызметтік-жауынгерлік қызметтегі түйткілдер, кәсіби құзіреттілікті арттыру мәселелері қозғалды. Сонымен қатар Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қыркүйектегі Жолдауында жүктелген міндеттер аясында әрі заман талабына орай, оқу-жаттығу жүйесіне жасанды интеллект пен инновациялық технологияны енгізу сұрақтарына басымдық берілді, - дейді конференцияға модераторлық еткен факультет бастығы, полковник Савердин Имиров.

Бұл конференцияны әскердің кәсіби даярлығы мен ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру, оқу-жаттығу процестерін жаңғырту бағыттары, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу мүмкіндіктерінің бастауы деуге болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.