Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық шахмат федерациясы­ның (FIDE) президенті Аркадий Дворковичті қабылдады.
Жас спортшыларға қолдау бар
618
оқылды

Кездесуде Мемлекет басшысы Ұйым­ның Қазақстан шахмат фе­дера­циясына, жаттықтырушылар мен жас спорт­шыларға көрсеткен қол­дауын жоғары бағалады.

Президент елімізде шахмат спорт түрі ғана емес, зият­кер­лік мә­­дениеттің, тәрбие мен білімнің маңызды бөлігі са­налатынын атап өтті.

Мемлекет басшысы балалар мен жастар арасында шах­матқа қы­зығушылықтың артып келе жат­­қанына назар ау­дар­ды. Пре­зи­дент­тің айтуынша, білім беру жүйесінде шах­мат инфрақұры­лы­мын дамы­ту­ға және ілгерілетуге баса мән бері­ліп отыр.

Әңгімелесу барысында ұлттық фе­дерацияның Ұйыммен жан-жақ­ты ынтымақтастықты одан әрі кеңей­ту, соның ішін­де ірі халық­ара­лық жарыстар өткізу мен бірлес­кен жо­ба­ларды іске асыру мәсе­ле­лері пысықталды.

Аркадий Дворкович Қазақ­стан­да қабылданған шахматты да­­мытуға ар­налған Кешенді жос­пардың маңы­зы туралы айт­ты. Атал­ған құ­жат мемлекет, бизнес жә­не ұлттық фе­дера­цияның бір­лесіп жұмыс іс­теуіне жол ашады. Сон­дай-ақ был­­тыр қазақстандық шах­матшылар FIDE аясында өт­кен бар­лық жа­рыс­тан ең көп ме­даль жинағанына назар аударды.

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық шах­мат фе­де­ра­ция­сының президенті Арка­дий Двор­ковичті Қа­зақстандағы шах­мат­ты өркендетуге қосқан үлесі үшін ІІ дә­режелі «Достық» ор­дені­мен марапаттады.

Мемлекет басшысы әлем бі­рін­­шіліктерінде топ жарған жас шах­матшылармен кездесті.

Кездесуге 8 жасқа дейінгі са­нат­та әлем чемпиондары атан­ған Әди­нұр Әділбек пен Алиша Биса­лиева, 12 жасқа дейін­гі санатта әлем чемпионы болған Данис Қуан­­дықұлы, 14 жасқа дейінгі са­нат­та әлем біріншілігінде жеңіс тұ­ғы­ры­нан көрінген Марк Смир­нов, 16 жасқа дейінгі санат бойын­­ша әлем чемпионатында ал­тыннан алқа таққан Эдгар Ма­ме­дов, 16 жасқа дейінгі шахма­т­шы­лар ара­сын­да әлем біріншілі­гі­нің күміс жүл­десіне қол жет­кіз­ген Сауат Нұр­ғалиев қатысты.

Мемлекет басшысының ай­туын­­ша, жас спортшылардың же­тіс­­тіктері халықаралық аре­на­да Қазақстанның мерейін үс­тем ете­ді әрі елімізде шахматтың ке­ле­ше­гі зор екенін көр­сетеді. Пре­зидент чем­пиондардың биік мақ­саттарға ұм­тылуы қажеттігін жет­кізіп, олар­ға жарқын жеңістер ті­леді.

– Шахмат деген үлкен өнер. Сон­дықтан шахматпен күн­делікті, мұ­қият, арнайы кітаптарды оқи оты­рып айна­лысу қажет. Бүгін Ха­лық­аралық шахмат федера­ция­сының президенті Аркадий Двор­ко­вичпен кездесіп отырсыздар. Бұл – Сіздердің бақытты сәт­те­ріңіздің бірі, – деді Мемлекет бас­шысы.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев шахмат тақ­та­сына естелік жазба қалдырды.

Бұдан соң жас шахматшыларға Ақор­дада экскурсия ұйым­дас­тырыл­ды.