Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайды Албания Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы Албания Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
474
оқылды

Президент жеделхатында екі ел арасындағы дәс­түрлі достық пен өзара түсіністікке негізделген қа­рым-қатынастың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ бірлескен күш-жігердің арқасында екі­жақты ынтымақтастық қос халықтың игілігі жо­лын­да дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайдың аса жауап­ты қызметіне толағай табыс, ал албан халқына құт-береке тіледі.