Отандасымыз 1/4 финалға дейін жетіп, бұл кезеңде Қытай өкілі Синьжань Хуэйге жол берді.
Әбиба Әбужақынова Grand Slam турнирінде қола медаль үшін күреседі
1,024
оқылды

Абу-Дабиде (БАӘ) дзюдодан Grand Slam турнирі басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қазақстандық Әбиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін күреседі.

Отандасымыз 1/4 финалға дейін жетіп, бұл кезеңде Қытай өкілі Синьжань Хуэйге жол берді.

Әбужақынова жұбаныш белдесуінде Моңғолия спортшысы Наранцэцэг Ганбаатарды жеңді.

Қазақстандық дзюдошының келесі қарсыласы испаниялық Ева Перес Солер болмақ.