29 қараша мен 1 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болады?

Қазақстан бойынша 2025 жылғы 29 қараша мен 1 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы жарияланды.

"Қазгидромет" мәліметінше, республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ болжанады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі – жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашын түседі. 

Тек республиканың батысында, оңтүстік-шығысында антициклон жотасының ықпалында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Температуралық фон бойынша еліміздің солтүстігінде ауа температурасының сәл жоғарылауы күтіледі – түнде 0-8 градус аяз, күндіз 0-5 градус жылы. Оңтүстік-шығыста күндіз температураның біртіндеп 3-11 градус жылыға дейін төмендеуі, таулы аймақтарда 0-5 градус аяз күтіледі. Елдің қалған аумақтарында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM   арнасынан табасыз.