Отандық өндірушілерді қолдау және асылтұқымды мал сатып алу кезіндегі қаржылық жүктемені азайту мақсатында Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 18 қарашадағы № 428 бұйрығымен асылтұқымды мал шаруашылығын дамыту, мал өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Атап айтқанда, отандық және импорттық асылтұқымды мал сатып алуға берілетін субсидиялар нормативтері қолданыстағы мөлшерден 75 пайызға арттырылды.
Құжат 2025 жылғы 20 қарашада № 37444 тіркеу нөмірімен Әділет министрлігінде тіркелді.
2025 жылғы 24 қарашада ҚР нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінің сайтында электронды түрде жарияланып, 2025 жылғы 5 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.