Монакоға жұмыс сапары аясында Қазақстанның Франциядағы және Монакодағы қоса атқарушы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Князь II Альбертің Халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Жюли Донати Аллеграмен, сондай-ақ Үкімет кеңесшісі – сыртқы байланыстар және ынтымақтастық жөніндегі министрі Изабель Берро-Амадеймен келіссөздер жүргізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Кездесу барысында Елші Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылы Астанада өтетін Өңірлік климаттық саммитке қатысу үшін Князь II Альбертке арналған ресми шақыруын тапсырды.
Сонымен қатар экономика, экология, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі екі елдің одан әрі өзара іс-қимылы қарастырылды.
Тараптар келіссөздер қорытындысы бойынша, Қазақстан мен Монаконың өзара серіктестігін кеңейту мен нығайтуға ортақ ниеттерін білдірді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.