«Қайрат» сырт алаңда «Копенгагенге» есе жіберді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazsport телеарнасына сілтеме жасап.
Футболдан Чемпиондар Лигасының бесінші турында алматылық клуб сырт алаңда Дания чемпионы «Копенгагенмен» кездесіп, 3:2 есебімен жеңілді.
«Қайрат» сапында Дастан Сәтпаев пен Олжас Байбек Чемпиондар лигасындағы алғашқы голын соқты.
Енді «Қайрат» 9 желтоқсан күні «Астана Аренада» грекиялық «Олимпиакосты» қабылдайды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.