Қазгидромет 27 қарашада ауа райына байланысты бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, 27-28 қарашада Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында соққан желдің екпіні 17-22 м/с болады.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында да тұман түседі деп болжанады.
Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Павлодарда 27 қарашада таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Солтүстік-батыстан соққан желдің күндізгі екпіні 15-20 м/с қамтиды.
27-28 қарашада Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп болжанады.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман болады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп болжанады.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.
Өскеменде 27 қарашада күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің түндегі екпіні 15-18 м/с.
Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді, түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Семейде 27 қарашада күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Күндіз оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с қамтиды.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман болады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар), қөқтайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда 27 қарашада солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында да тұман түседі деп болжанады.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман болады.
Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түсу ықтималдылығы жоғары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.