«AMANAT» партиясының Орталық аппараты бекіткен хаттамалық тапсырмаға сәйкес, өңірде «Бақытты отбасы» партиялық жобасын іске асыру мақсатында «Жанұя» отбасын қолдау орталығында кең ауқымды мониторинг жүргізілді.
Қолдау орталығына мониторинг жүргізілді
615
оқылды

Мониторинг жұмыстарына партия­ның өңірлік филиалы жанындағы кеңес мүшелері, «AMANAT» партиясының ШҚО филиалы жанындағы Әйелдер қанатының өкілдері, партия белсенділері мен мәслихат депутаттары қатысты.

«Жанұя» орталығының негізгі мін­деті – өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар мен отбасыларға кешенді қол­дау көрсету. Мұнда психологтер, заңгер­лер, әлеуметтік қызметкерлер мен жұ­мыс­пен қамту мамандары бірлесіп, қиын жағдайдан шығу жолдарын ұсынады.

Орталыққа түсетін ақпарат түрлі мем­лекеттік мекемелерден жолданады: білім беру ұйымдары, денсаулық сақтау саласы, полиция, пробация қызметі, жұмыспен қамту бөлімдері және ауыл­дық округ әкімдіктері. Сонымен қатар азаматтардың тікелей өтініштері, ҮЕҰ-дан келетін хабарламалар және мобильді топтардан түсетін сигналдар да қаралады.

Барлық мәліметтер FSM Social ақпараттық жүйесінде тіркеліп, әр отбасы бойынша дербес карта әзірленеді. Бұл көрсетілетін көмекті дұрыс жоспар­лап, отбасының нақты қажеттіліктерін анықтауға мүмкіндік береді.

«Бүгінгі таңда мемлекет пен қоғам үшін басты міндеттердің бірі – қиын жағдайға тап болған отбасыларды қолдау. «Жанұя» орталығының жұмысы осы бағытта өте маңызды. Біз әр отбасының тағдырына бейжай қарамауымыз керек. Партияның басты мақсаты – осындай орталықтардың жұмысын күшейту, азаматтарға қолжетімді және сапалы көмек көрсетуге жағдай жасау. Мони­торинг барысында көтерілген мәселелер мен ұсыныстар міндетті түрде бақылауға алынып, шешімін табады», – деді облыс­тық мәслихат депутаты Сания Аубакирова.

Партиялық мониторинг нәтижелері бойынша орталық жұмысының тиімді­лігін арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірленіп, тиісті мемлекеттік органдарға жолданатын болады.

«AMANAT» партиясы отбасы инс­титутын қолдауды, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға көрсетілетін көмектің сапасын арттыруды әрі қарай да басты назарда ұстайды.

Елнар ЕЛТАЙ