Бақыт Тұрман Мөлдір Мұқанованың киносын сынап, актерлық құрам әлсіз екенін айтқан болатын.
«Тұрсынбек Қабатов оның күйеуіне жұмыс берді»: Мөлдір Мұқанова киносын сынаған әншіге жауап берді
Фото: YouTube
954
оқылды

Продюсер Мөлдір Мұқанова өзінің жаңадан шыққан фильмін сынаған әнші Бақыт Тұрманға жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.   

"Мені сыйламай-ақ қойсын. Тұрсынбек Қабатовты сыйлауы керек. Себебі Тұрсынбек Қабатов оның күйеуіне жұмыс берді. Ол күйеуі сол тапқан табысын үйіне апарды. Ал сол сөйлеп отырған әйел соның нанын жеді. Ол тамағын бала-шағасы жеді. Сонда қайтарымы осы сөз болғаны ма? Арамынан кетті ғой. Қайрат Әділгерейді "Әзіл әлемі" театры көтерді дегенге 100 пайыз аяқ-қолымды көтеріп тұрып "иә" дей аламын. Жасап отырған опасыздығы - деңгейінің төмендігі. Өзі білсін ары қарай", - дейді ол. 

Айта кетейік, әнші Бақыт Тұрман Мөлдір Мұқанованың киносын сынап, актерлық құрам әлсіз екенін айтқан болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.