Негізі бұған себеп Шавкаттан бұған дейін жеңіліп қалған Иэр Гэрридің кешегі жекпе-жекте топ жарғаны болуы мүмкін.
Көп уақыттан бергі үзіліске қарамастан, Шавкат Рахмонов UFC-дегі өз орнын сақтап қалды
449
оқылды

UFC ұйымы бүгін жартылай орта салмақтың жаңартылған рейтингін жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Соның нәтижесінде жеңілмеген қазақстандық жыртқыш Шавкат Рахмонов өз орнын қайтарып, қайтадан үшінші орынға көтерілді.

Жаңа рейтингке сәйкес, дивизион шыңында – чемпион Ислам Махачев. Екінші орынға Қатардағы турнирден кейін ирландиялық Иэн Гэрри көтерілген. Ал алғашқы үштікті қазақстандық "Номад" Шавкат Рахмонов түйіндеп тұр. Бұған дейін дәл осы позицияны Майкл Моралес иеленіп келген еді.

Айта кетейік, Рахмонов жарақатына байланысты 11 айдан бері октагонға шыққан жоқ. Соған қарамастан жанкүйерлер оның жекпе-жегін асыға күтіп отыр.