Ерасыл Қажыбаев 2024 жылы «Қазақстан барысы» турнирінде Абай облысының атынан қатысып, жеңімпаз болды.
«Қазақстан барысы» Тоқтар Серіковке ерекше сыйлық берді
1,943
оқылды

Спортшы, 2024 жылғы «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы Ерасыл Қажыбаев әнші Тоқтар Серіковке ерекше сый жасады, – деп жазды Aikyn.kz.  

Дзюдошы жақында 50 жас мерейтойын атап өткен әншіге «Қазақстан барысында» жеңіске жеткен күні қолына ұстап шыққан қасқыр терісін сыйлаған.

«Тоқтар ағама деген шынайы сый-құрметімнің белгісі ретінде «Қазақстан барысында» жеңіске жеткен күні қолыма ұстап шыққан қасқырымды арнайы ырымдап сыйға тарттым. Бұл қасқыр — менің әрбір дайындық күнім, төгілген терім, жеңіске деген сенімім мен күрестегі рухымның белгісі. Сол сәттегі қуат, сол аренадағы елдің қолдауы, жеңістің лебі – бәрі соның бойында қалғандай еді. Сол себепті мен бұл дүниені жай ғана сыйлық емес, жүректен шыққан ізгі ниет, жеңіс қуатын бөлісу, ағаға деген құрметтің символы ретінде тапсырдым. Қазақта «жақсының жақсылығын айт» деген сөз бар, ал мен үшін Тоқтар аға ағалық орнын биік ұстайтын азамат. Сол себепті бұл қасқыр ағаның үйіне тек естелік болып бармасын, жеңіс пен берекенің, рух пен жігердің серігі болсын деген ниетім бар. Ағаның шаңырағына әрқашан мерей, қуаныш, жеңіс қатар қонғай!» - деп жазды Ерасыл Қажыбаев.

Айта кетейік, Ерасыл Қажыбаев 2024 жылы «Қазақстан барысы» турнирінде Абай облысының атынан қатысып, жеңімпаз болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.