Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Загребте (Хорватия) өтетін халықаралық «Челленджер» сериясының турниріне қатысады.
Самоделкина Хорватияда өнер көрсетеді
717
оқылды

Ұлттық олимпиада комитеті мәлімдегендей, спортшының есімі Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы жарияла­ған қатысушылар тізімінде көрсетілген. Жалпы,  жарыс тізімінде 49 мәнерлеп сырғанаушы бар. Тағы бесеуі қосалқы спортшы ретінде тіркелген. Турнир 3-6 желтоқсан аралы­ғында өтеді.

Самоделкина осыған дейін Жапонияның Осака қала­сында өткен Гран-при кезеңінде күміс медаль иеленген болатын.

Айзат АЙДАРҚЫЗЫ