Ақтөбе облысының Бегалы ауылында «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасы аясында медициналық пункт өз жұмысын бастады.
Халықтың денсаулығы – ел болашағының кепілі
736
оқылды

Жаңа медициналық пункт тәулігіне 25 адамды қабылдай алады. Амбулатория заманауи медициналық техникамен жабдықталған. Мұнда алғашқы тексеру, профилактикалық шаралар және дәрігерге дейінгі көмек көрсету қызметтері көрсетіледі.

Жаңа нысанның ашылу салтанатына Қобда ауданының әкімі, аудан прокуроры, сондай-ақ облыстық денсаулық сақтау, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармаларының басшылары қатысты. Аудан әкімі Ізгілік Тынымгереев ауыл тұрғындарын құттықтап, медициналық нысанның маңыздылығына тоқталды.

Медициналық пункт ауыл тұрғында­ры­на сапалы алғашқы медициналық кө­мек көрсетуге бағытталған. Мұндай әлеуметтік нысандардың ашылуы – Мемлекет бас­шысының халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі тапсырмаларының нақты орын­далып жатқанын көрсетеді. Халықтың денсаулығы – ел болашағының кепілі. Сондықтан осындай медициналық ны­сандардың саны жыл сайын артып келе жатқаны – үлкен жетістік, – деді аудан әкімі.

Қазіргі таңда ауылда 310 тұрғын тұрады. Жаңа медициналық пункттің ашылуы – елді мекен үшін үлкен жаңалық. Енді тұрғындар алғашқы медициналық көмекті өз ауылынан-ақ ала алады.  

«AMANAT» партиясының Жол кар­тасы аясында ашылған медициналық пункт құтты болсын! Енді алғашқы ме­ди­циналық көмек алу үшін алысқа ба­рудың қажеті жоқ. Қан қысымын өлше­ту, екпе алу, алғашқы тексерістен өту сияқ­ты қызметтер ауылда қолжетімді. Бұл – ауыл  халқы үшін зор мүмкіндік. Қамқорлық танытқан жан­дарға алғы­сы­мыз шексіз, – деді ауыл тұр­ғыны, зей­­неткер Сырым Алтыбаев.

Елнар ЕЛТАЙ