Тінту барысында оның үйінен ерекше иісі бар жасыл түсті зат салынған қап және құрамында сондай зат бар 27 оралымы бар пакет табылып, тәркіленді.
Қостанайда 5 келіге жуық марихуана сақтады деген күдікпен ер адам ұсталды
610
оқылды

Қостанай облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімі қызметкерлері 53 жастағы жергілікті тұрғынды өсімдік тектес есірткі заттарын заңсыз сақтады деген күдікпен ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Тінту барысында оның үйінен ерекше иісі бар жасыл түсті зат салынған қап және құрамында сондай зат бар 27 оралымы бар пакет табылып, тәркіленді.

Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 4 келі 958 грамм болатын марихуана екені анықталды. Бұл аса ірі көлем санатына жатады.

Аталған дерек бойынша аса ірі көлемде есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау бабымен қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар полиция тыйым салынған заттың жеткізу арнасын және мүмкін болатын сыбайластарын анықтау бойынша шаралар жүргізіп жатыр.

Күдіктіге келу туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Жедел-тергеу шаралары жалғасады.