Арнайы қызмет видео жариялаған
Украина алғаш рет Ресейдің әскери тікұшағын алысқа ұшатын дронмен атып түсірді
887
оқылды

Украина Қарулы күштерінің Арнайы операциялар күштері Ресейдің Ми-8 тікұшағын «deep strike» санатындағы FP-1 соққы беруші дронымен жойды. Бұл туралы Арнайы қызметтің Telegram арнасында хабарлап, бейнежазба жариялады.

Арнайы қызметтің мәліметінше, мұндай операциялар ерекше шығармашылық пен жоспарлау талап етеді. Техникалық мүмкіндіктерден бастап, операторлардың дайындығына дейінгі барлық элемент шешуші рөл ойнаған.

Бейнежазбадағы дерекке қарағанда, тікұшақ Ресей аумағында — Ростов облысындағы Кутейниково елдімекені маңында атып түсірілген.