Әмір Омарханов мансабында алғаш рет Тунисте өтіп жатқан ITF M15 сериялы турнирдің жекелей сында финалына шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Дүниежүзілік рейтингіде 1115-орында тұрған Әмір Омарханов финалда әлемнің 824-ракеткасы, тағы бір неміс, 18 жастағы Макс Шонхауспен кездесті.
Бірінші партияда Әмір 6:3 есебімен басым түсті. Екіншісінде Шонхаус дәл сондай есеппен есе қайырды — 6:3.
Үшінші, шешуші сетте Ә.Омарханов жеңісті жұлып алды — 6:4.
Тартысты бәсекеде Әмір шешуші сәттерде табандылық танытып, таразы басын өзіне аудара білді.
Жасөспірімдер арасында әлемнің 2-ракеткасы М.Шонхаус өткен аптада Тунисте өткен ересектердің ITF M25 жарысында жеңімпаз атанған еді. Бірақ осы жолы ол ол Омархановқа жол берді.
Сөйтіп қазақстандық теннисші ересектер арасында кәсіби жолында алғашқы титулына қол жеткізді.