Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінде төртінші орында тұр.
«Бәрі дұрыс болса, жақында онымен де шығамын!»: Шавкат Рахмонов жұрт күтпеген мәлімдеме жасады
Фото: Chris Unger/Zuffa LLC
2,304
оқылды

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақтағы қазіргі жағдайға қатысты өз пікірін білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жаттығып жатырмыз, бабыма еніп келемін. Ақпанның басы немесе ортасы шығар. Егер бәрі жақсы болса, сол кезде ораламын деп ойлаймын.

Иә, жаңа жұлдыздар бар… жаңадан шықты деуге де болмайды, олар бұрыннан бар, тек қазір өздерін өте жақсы көрсетуде: Пратес, Моралес – екеуі де мықты әсер қалдырды. Бірақ айырмашылығы жоқ, біздің дивизион өте қызық, бәсеке жоғары. Сол себепті мұнда бәрі жиі ауысып тұрады – кім мықты, сол қалады.

Исламды чемпиондық белбеуімен құттықтаймын. Егер бәрі дұрыс болса, жақын арада онымен де кездесетін шығармыз, – деді Рахмонов.

Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінде төртінші орында тұр. Ол соңғы рет октагонға өткен жылдың желтоқсанында шығып, ирландиялық Иэн Гэрриді жеңген еді.

Айта кетейік, бүгін Катарда өткен UFC Fight Night турнирінде Шавкат Рахмонов Асу Алмабаевтың бұрышында болды. Ал Асу америкалық Алекс Пересті мерзімінен бұрын жеңді.