ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша 325 учаскеде қар көшкіні жүруі мүмкін.
Шығыс Қазақстанда қар көшкіні басталуы мүмкін
857
оқылды

Шығыс Қазақстан облысында таулы жерлердің қар көшкіні жүру қаупі бар кезең басталғалы тұр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сенсек, өңір бойынша 325 учаскеде қар көшкіні жүруі мүмкін.

– Сол учаскелердің бойында 93 шақырым жол мен түрлі ғимараттар орналасқан. Егер көшкін жүрсе тұрғындардың өміріне қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан "112" қызметінен ескертулер жасалса, қауіп-қатерден аулақ болыңыздар және қар көшкіні қаупі бар жолдармен жүрмеңіздер, – деп ескертті құтқарушылар.

Айта кеткен жөн, облыс бойынша қар көшкіні қаупі бар кезең сәуір айына дейін созылады. Осы аралықта бұқара тауға шықпас бұрын ауа райы жағдайын қатаң ескеруі қажет.