Пьемонт өңіріндегі Неббинуо ауылында орналасқан «Бар Чентрале» кафесінде 1958 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Анна Посси биыл 101 жасқа толды, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Reuters мәліметінше, ол Италиядағы ең ұзақ қызмет етіп жүрген барист ретінде танылып отыр. Жасына қарамастан, Анна күн сайын жұмысына шығып, келушілерге сол баяғыдай күлімдеп қызмет көрсетеді.
Өткен жылы Анна Поссиға «Италия Республикасы Командоры» атағы берілген. Бұл марапат оның өмірін осы салаға арнаған еңбегін мойындаудың белгісі болды. Бариста еңбек жолында соғыс жылдарын, елдің экономикалық дамуын және кафе мәдениетінің өзгеруін өз көзімен көрген.
Аннаның айтуынша, бар — жай ғана ішіп-жейтін орын емес, адамдар бір-бірімен кездесіп, сөйлесіп, жаңалық бөлісетін орта. «Бар — отбасы секілді. Келушілер жай ғана кофе ішпейді, олар өмірімен бөліседі», — дейді ғасыр жасаған бариста.