Алдын ала мәліметке сүйенсек, оқиға биіктікте жұмыс істеуге арналған аспалы құрылғының үзіліп кетуінен болған.
Астанадағы құрылыс алаңында жұмысшылар биіктен құлап кетті
424
оқылды

Астанада 5 қабатты үйдің құрылыс алаңында үш жұмысшы құлап кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Алдын ала мәліметке сүйенсек, оқиға биіктікте жұмыс істеуге арналған аспалы құрылғының үзіліп кетуінен болған.

«Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуы мүмкін деген белгімен қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады департамент өкілдері.

Қазір мамандар апаттың себептерін анықтап, барлық мән-жайды тексеріп жатыр.