Мәжіліс Cпикері Ерлан Қошановтың төрағалы­ғымен бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Дәрігер қауіпсіздігі басты назарда
588
оқылды

Бірінші оқылымда медицина қызметкерлеріне физикалық зорлық-зомбылық пен қаты­гездік көрсеткені үшін жазаны қатаңдату жөніндегі Президент тапсырмасын орындау үшін әзірленген депутаттардың түзе­тулері қаралады. 

Қылмыстық кодекске меди­цина мамандары мен жедел жәр­дем жүргізушілерінің қыз­меттік міндеттерін атқару ке­зінде олардың өміріне, ден­сау­лығына және қауіпсіздігіне қол сұққаны үшін жауапкершілік жүктейтін нормалар енгізіледі. Құқықбұзушылықтың ауырлы­ғына қарай айыппұл мен бас бостандығын шектеуден бастап бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылады.

Екінші оқылымда депутаттар Құрылыс кодексі жобасын тал­қы­лайды. Құжаттағы қала құ­ры­лысы саясатының нормалары нақтыланып, құрылыстың са­пасы мен қауіпсіздігіне қойы­латын талап күшейеді, сондай-ақ цифрлық рәсімдер мен жария талқылау тетіктері кеңейеді. Бұдан бөлек, ғимараттардың негізгі құрылымына кепілдік мерзімін екі жылдан он жылға дейін ұзарту ұсынылады.

Жалпы отырыстың күн тәр­тібі жобасына құқық бұзушы­лық­тардың алдын алу туралы бірыңғай заң жобасы да енгі­зілді. Аталған құжат арқылы бар­лық алдын алу жүйесін қайта қарау және қолданыстағы бес заңды ауыстыру көзделген. Сондай-ақ банк секторының тұрақтылығын арттыруға, тұты­нушылардың құқықтарын қор­ғауды күшейтуге және ұлттық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған банктер және банк қызметі туралы заң жобасы талқыланады. Екі заң жобасы да екінші оқылымда қаралады.