Болашақ спорткомплекс олимпиадалық стандартқа сай сертификатталған жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
Көкшетауда қайтарылған активтер есебінен халықаралық деңгейдегі спорт кешені салынып жатыр
181
оқылды

Ақмола облысының прокуроры Руфат Құттықов прокуратура органдарымен мемлекетке қайтарылған активтер есебінен Көкшетау қаласында әлеуметтік нысанның халықаралық деңгейдегі спорттық кешеннің құрылысы  барысымен танысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Болашақ спорткомплекс олимпиадалық стандартқа сай сертификатталған жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Бұл облыс орталығында Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) желісі бойынша республикалық және әлемдік деңгейдегі жарыстар өткізуге мүмкіндік береді.

Бүгінде негізгі құрылыс жұмыстары аяқталған. Ішкі әрлеу, инженерлік желілерді орнату және іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Спорттық кешенді пайдалануға беру биылғы жылдың соңына дейін жоспарланған.

Жобаның жүзеге асырылуы облыс орталығының тұрғындары үшін спорт инфрақұрылымының қолжетімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.