Жартылай финалда Ризабек Айтмұхан Бахрейн атынан сынға түсетін Олимпиада чемпионы Ахмед Тажудиновты айқын басымдықпен жеңді.
Ризабек Айтмұхан халықаралық жарыста Олимпиада чемпионын жеңіп, сенсация жасады
Сурет: Нұрғали Жұмағазы
831
оқылды

Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына жолдама алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жартылай финалда Ризабек Бахрейн атынан сынға түсетін Олимпиада чемпионы Ахмед Тажудиновты айқын басымдықпен жеңді.

Финалға шығу үшін өткен белдесу 15:3 есебімен Айтмұханның пайдасына аяқталды.

Осылайша, қазақстандық спортшы 97 келі салмақта финалға өтті.