Жақында ақынның ұлы өмірден өткен болатын.
Димаш Құдайберген Мұхтар Шахановқа көңіл айтты
Фото: facebook.com/Берік Ағыбаев
2,601
оқылды

Халық әртісі Димаш Құдайберген ақын, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Шахановтың үйіне барып, көңіл айтты, – деп жазды Aikyn.kz. 

Жақында ақынның ұлы өмірден өткен болатын.

«Бүгін халықтың аяулы ұлы, Қазақстанның Халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген белгілі ақын, Еңбек Ері, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың ұлының қазасына байланысты арнайы келіп, көңіл айтуын жеткізді. Қайғысына ортақтасып, жүрегіне жазылмас жара салған бұл ауыр күнде ағамыздың шаңырағында Құран бағыштағанының өзі бір көрегенділік, - деп жазды Берік Ағыбаев әлеуметтік желіде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.