Қазақстан құрамасы бокстан Делиде (Үндістан) өтіп жатқан әлем кубогінің ақтық кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
85 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Сұлтанбек Айбарұлы чемпион атанды.
ҚР ҰОК мәліметінше, финалда отандасымыз Өзбекстан боксшысы Жасурбек Юлдашевты жеңді.
Айта кетейік, бұған дейін 70 келіге дейінгі салмақта Нұрбек Мұрсал күміс жүлдегер атанған еді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.