Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 12:40 шамасында Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан №69 автобус аялдамада тұрған №208 бағыттағы автобуспен соқтығысқан.
Алматыда екі қоғамдық көлік түйісті
851
оқылды

Алматының Медеу ауданында қоғамдық көліктер түйісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 12:40 шамасында Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан №69 автобус аялдамада тұрған №208 бағыттағы автобуспен соқтығысқан.

– Жол апаты салдарынан №69 бағыттағы автобустың жүргізушісі мен жолаушы медициналық көмекке жүгінді. Апаттың мән-жайын Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтайды, – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.