Алаяқ бірнеше адамнан 100 мың теңгеден ақша алып, алдаған.
«Несие алып беруге көмектесемін»: Астанада бірнеше адамды алдаған алаяққа сот үкімі шықты
373
оқылды

Астана қалалық прокуратурасы таратқан мәліметке сәйкес, елордада өзін ұлттық компанияның қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарды жеңілдетілген несие аламын деп алдаған алаяққа қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

 

Алаяқ азаматтарға көмектесемін деп уәде беріп, әрқайсысынан 100 мың теңге көлемінде ақы алған. Қысқа уақыт ішінде бірнеше адам оның "қызметіне" сеніп, ақша аударған.

"Сот ер адамды кінәлі деп тауып, 4 жылға бас бостандығынан айырды. Келтірілген материалдық шығын өндірілді. Үкім заңды күшіне енді. Прокуратура қырағылық танытып, ресми ақпарат көздері арқылы ақпараттың дұрыстығын тексеру қажеттігіне назар аударады", – делінген прокуратура хабарламасында.