«AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті.
Емханалардың  қызметі қаралды
1,044
оқылды

Күн тәртібінде «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!» сайлауалды бағдарламасы жол картасының «Медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру» тармағы бойынша Ақтау қалалық емханаларының қызметі туралы мәселе қаралды.

Қалалық №1, №2 емхана басшылары Айгүл Кенжина және Жарас Байғожаев 2024-2025 жылдары атқарылған жұ­мыстар туралы баяндады. Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері екі емхана қызметі туралы тұрғындардың әлеуметтік желілер мен ақпарат құрал­дарында жарияланған наразылықтарынан мысал келтіріп, емханалардың материал­дық-техникалық базасы, күрделі жөндеу туралы сұрақтар қойды. Есепте тұрған науқастар тегін берілетін дәрілерді немесе жолдаманы уақытында ала ал­мауы, кезектің ұзақтығы туралы нара­зылық білдірген.

Облыстық денсаулық сақтау басқар­масының бөлім басшысы Жанар Бай­манова есепте тұрған науқастарға ар­налған тегін дәрілердің ұлттық формуляр тізбесіне сәйкес берілетінін, тапшы дәрі­лердің облыстағы басқа емдеу орын­дарынан сұрау салып, алынатынын айтты. 

Емхана басшылары мамандардың тұрақты болуы үшін үймен қамтамасыз ету, ғимараттарды күрделі жөндеу және құрал-жабдықтар алу бойынша ұсыныс­тар берілгендігін жеткізді. 

Комиссия отырысына қатысқан «AMANAT» партиясы Маңғыстау облыс­тық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Анар Шамшадинова дәрі­герлердің этика талаптарын сақтамауы туралы жарияланған мысалдарды кел­тіріп, науқастармен сыйластық қарым-қатынас орнату туралы ұсынысын айтты. Емханалардың басшылары ішкі аудит бөлімі науқастарды қолдау қызметін атқаратынын жеткізді. Науқастардың әрбір арыз-шағымы бойынша талдау жасалып, тиісті іс-шаралар жүргізілген. Жас мамандарға тәлімгерлер бекітілген, науқас пен дәрігер арасындағы қарым-қатынас мәдениеті туралы тәрбиелік іс-шаралар өткізіліп тұрады. 

Сонымен қатар отырыста «AMANAT» партиясы орталық аппаратының сай­лауалды бағдарламаның орындалысы жөніндегі хаттамалық тапсырмалары талқыланды. Жол картасы бойынша облыста салынып жатқан нысандардың құрылысы жоспар бойынша жүргізілуде. Партиялық бекеттер ашылған нысан­дардың құрылысы жергілікті мәслихат депутаттарының бақылауында тұр.

Елнар ЕЛТАЙ