Әнші тойға келген қонақтарға алғыс білдіріп, күйеуіне ақ тілегін арнады.
«Нағыз ер деген атқа лайық»: Бейбіт Сейдуалиева Тоқтар Серіковке сезімін білдірді (видео)
696
оқылды

Бейбіт Сейдуалиева күйеуі, әнші Тоқтар Серіковті 50 жас мерейтойымен құттықтады, – деп жазды Aikyn.kz. 

Әнші тойға келген қонақтарға алғыс білдіріп, күйеуіне ақ тілегін арнады.

«Жарым Тоқтарға денсаулық тілеймін ең бастысы. Бұл қазақ өнерінің қуанышы деп ойлаймын. Ел ағасы болып елуге келіп жатыр. Аллаға шүкір, өнерде қол ұстасып келе жатқанымызға 25 жыл болып қалыпты. Танысқан күннен бастап бір ауыр қылығын көрсеткен емес. Нағыз ер деген атқа лайық. Өзінің тектілігімен, бойындағы қасиетімен келе жатыр. Аман болсын, еліне қызмет ете берсін», -  дейді Бейбіт Сейдуалиева.

Әнші күйеуімен қалай танысқанын айтты.

«Біз тойда таныстық. Негізі бізді айналып келгенде өнер табыстырды. Мен ол кезде Тоқтар деген әнші бар екенін білмеймін. Ол мені сыртымнан көріп ұнатып қалыпты. Сөйтіп сезімін білдірген», - дейді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.