Қазақстан құрамасының боксшысы Даниял Сапарбай Дели (Үндістан) қаласында өтіп жатқан әлем кубогының ақтық кезеңінде қола медальға ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Отандасымыз 90 келіден жоғары салмақта қола жүлде үшін жұдырықтасты.
ҚР ҰОК мәліметінше, Даниял бұл кезеңде үндістандық Нарендермен кездесті.
Үш раундтың қорытындысы бойынша, үндістандық боксшы жеңіске жетті. Сапарбай жарысты үшінші орынмен аяқтады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.