Әнші дін жолына бет бұрып, өнерден алыстаған болатын.
«Мен сахнаға ораламын»: Айдана Меденова күтпеген мәлімдеме жасады
603
оқылды

KeshYou тобының бұрынғы әншісі Айдана Меденова сахнаға оралатынын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Әнші дін жолына бет бұрып, өнерден алыстаған болатын. Ол әлеуметтік желіде видео жариялап, сахнаға қайта оралатынын айтты.

«Мен сахнаға ораламын. Өзіме, әндеріме, шығармашылығыма ораламын. Өзіме келетін, ұнайтын форматта, мүмкін ұзату тойларда, мүмкін мемлекеттік концертте өнер көрсететін шығармын. Айтайын дегенім, ешкімге қатысты асығыс шешім қабылдамаңыздар, ешкімді асығыс сынамаңыздар», - деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары оның бұған дейінгі жазбасына қарап, орамалын шешеді деп болжам жасаған еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.