Қазақстандық спортшы 82 келіден жоғары салмақта ақтық сынға дейін жетті.
Таэквондошы Бауыржан Хасенов Ислам ынтымақтастығы ойындарының күміс жүлдегері атанды
526
оқылды

Таэквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Бауыржан Хасенов Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында күмістен алқа тақты, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстандық спортшы 82 келіден жоғары салмақта ақтық сынға дейін жетті.

Финалда отандасымыз өзбекстандық Марат Мавлоновпен өзара мықтыны анықтады. Тартысты кездесудің қорытындысы бойынша, Өзбекстан өкілі 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Бауыржан Хасенов Ислам ойындарын күміс медальмен аяқтады.