Блогер тоғыз жыл күткен ұлына ерекше есім таңдаған.
Елдос «Колобок» ұлына қандай ат қойғанын айтты
1,020
оқылды

Блогер Елдос Колобок әлеуметтік желідегі парақшасында ұлына қандай ат қойғанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz. 

Блогер тоғыз жыл күткен ұлына ерекше есім таңдаған. Әлемге үлгілі азамат болсын деген ниетпен «Әлем» деген есім қойғанын жеткізді.

«Бүгін біз үлкен жаңалықпен бөліспекпіз, жер бетіне келген жаңа өмірмен таныстырайық. Балам қош келдің біздің әлемге Бағзат Әлем Елдосұлы. Әлем – шексіздік, кеңдік, еркіндік. Күні 12.11.2025 , уақыты таңғы 08:29 Әлемге үлгілі азамат бол, біздің ғажап әлемді аралап, әлемді бағындырып, жақсы жағынан әлемге танымал бол, саған бізді танитын әлем тілеулес болды, сол себепті есімің Әлем Елдосұлы», – деп жазды блогер. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.