Арман Дүйсенов кезінде Баян Мақсатқызын қатты құрметтегенін, бірнеше ән жазып бергенін атап өтті.
"Үй алуға көмектесіңіз...": Мақпал Жүнісова Баян Алагөзоваға өтініш жасады (видео)
535
оқылды

Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісоваға продюсер Баян Алагөзоваға өтініш айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Әнші парақшасында видео жариялап, сазгер, марқұм Арман Дүйсеновтің әйеліне көмек көретуді сұрады. Арман Дүйсенов кезінде Баян Мақсатқызын қатты құрметтегенін, бірнеше ән жазып бергенін атап өтті.

«Желіде марқұм Арман Дүйсеновтың жары Айсұлу ханым көп мәлімет айтып, үйім жоқ, далада қалдым деп жатыр. Оның бәрі біздің жүрегімізге батады. Өзім-ақ алып берер едім, бірақ менде артық ақша болмайды. Миллионердің әйелі емеспін. Бауырларым, анамның немерелері, қазір шөберелері бар. Сондықтан әкімдіктің жігіттеріне хабарласып, қалай көмек беруге болатынын сұрадым. Кезінде Зәкең кезексіз үй беріп еді. Ол кезде әкімдіктің балансында үй болған екен. Қазір әкімдіктің балансында үй болмайды екен. «Үйді бере қоймайды-ау» деген әңгіме естідім. Енді сенетін бір адамым бар, ол –  өздеріңізге белгілі Баян Мақсатқызы. Баянның күйеуі миллионер, мүмкін миллиардер шығар. Арман Дүйсенов Баян Мақсатқызын қатты сыйлайтын. Қашан көрсең Баянға өте жоғары баға беріп отыратын. Оның көптеген жобасына атсалысты. «Кешьюдің» әндерін жазып берген. Досым деп айтатын. Сондықтан Баянға ғана сеніп отырмын. Жолдасы екеуі ақылдасып шешетін шығар. Баянжан, бірдеңе қылып бір үй алып беріңіздер. Сіздердің абыройларыңыз одан сайын асқақтайды деген ойдамын. Мүмкін жарты ақшасын біз жинап берерміз. Екі тойға барып, ақшасын көмек ретінде берейін. Бірақ қалғандары бере ме, жоқ па, айта алмаймын», - деп түйіндеді Мақпал Жүнісова.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Zhanar Erkolkyzy (@zhanarerkolkyzy)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.