Қаралы хабар актриса еңбек еткен Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының ресми парақшасында жарияланды.
Белгілі театр әртісі өмірден өтті
6,836
оқылды

Бүгін 86 жасқа қараған шағында қазақ театр өнерінің мақтанышы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының негізін қалаушылардың бірі Рымкеш Омарханова өмірден өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қаралы хабар әртіс еңбек еткен Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының ресми парақшасында жарияланды.

«Рымкеш Омарханқызының өмірден өтуіне байланысты марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Рымкеш Омарханқызы - жарты ғасырдан астам уақытын ұлттық сахна өнерінің дамуына арнаған, 150-ден аса рөлді сомдап, қазақ театрының алтын қорын байытқан дара актриса. Ол Қарағанды қаласындағы С.Сейфуллин атындағы театрда шыңдалып, кейін елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының ашылуына зор үлес қосты», - деп жазылған ақпаратта.