Қазақстан Бельгиямен тең ойнап, сенсация жасады

Үш ойын қатарынан ұпай жинаған Қазақстан топтың екі көшбасшысына да қарсы табанды ойын көрсетті

Қазақстан Бельгиямен тең ойнап, сенсация жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Топтағы соңғы ойында ұлттық құрама 1:1 есебімен ұпай алып, қарсыласын 2026 жылғы әлем чемпионатына мерзімінен бұрын шығуына мүмкіндік бермеді.

9-минутта 17 жастағы Дастан Сатпаев алғашқы голын соғып, Қазақстанды алға шығарды. 48-минутта Ханс Ванакен есепті теңестірді. 77-минутта Ислам Чесноков қызыл қағаз алып, команда он ойыншымен қалды.