Жүлдегерлер қатарында Никита Чирюкин, Кирилл Федькин және Артемий Кабаков бар
Қазақстан нысана көздеуден әлем чемпионатында екінші қола медалін жеңіп алды
380
оқылды

Қазақстан құрамасы нысана көздеуден Каирде (Мысыр) өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші жүлдесін олжалады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Оlympic.kz хабарлауынша, бұл жолы медальді ерлер құрамасы еншіледі. Отандастарымыз 25 метрге тапаншамен ату бойынша командалық жарыста үшінші орын алды.

Жүлдегерлер қатарында Никита Чирюкин, Кирилл Федькин және Артемий Кабаков бар.

Бірінші орынды Оңтүстік Корея иеленсе, Қытай екінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, бұған дейін әлем чемпионатында 50 метрге мылтықпен үш қалыптан ату бойынша командалық жарыста Александра Ле, Арина Малиновская және Елизавета Безрукова үшінші орын алған еді.